Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Есенов университеті Сіздерді «ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Өтетін уақыты: 30 наурыз, 2022 жыл
Өтетін орны: Ақтау қ., 32-шағын аудан, Есенов университеті
Жұмыс тілі: қазақ
Негізгі мақсаты: халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау жолымен ұлт бірлігін нығайту.
Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
1. Әдебиеттану және тіл білімі
2. Тарих, этнография, этнология және археология
3. Педагогика және психология
4. Мәдениеттану, философия және дінтану
Конференция бағдарламасы:
0900 – 0930 – Кампус тур
0930 – 1000 – Этно көрме
1000 – 1200 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
1200 – 1300 – Қорытындылау. Конференцияның жабылуы

Ақпар хат

Яндекс.Метрика