Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Құмарлыққа «жоқ» – деп айт» семинар-тренингі

2022 жылдың 9-14 ақпаны аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында педагог-психолог М.Б. Ибрагим кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттеріне өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған «Құмарлыққа «жоқ» – деп айт» семинар-тренинг циклі өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты – өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту, студенттердің өз құндылықтарын білуіне ықпал ету.

 Тренинг студенттердің белсенді қатысуымен пікірталас форматында өтті. ПБЗ дегеніміз не, оларды сынауға не мәжбүр етеді, қандай құмарлықтар бар сияқты мәселелер талқыланды. ПБЗ және басқа да тәуелділік түрлерінің адам денсаулығы мен тағдырына келтіретін зиянына ерекше назар аударылды. Студенттер «Бәрі өз қолыңда» деген өсиет әңгімені тыңдады.

Тренинг соңында студенттер ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздері үшін қандай қорытынды жасағандарын айтты.

Яндекс.Метрика