Қабылдау комиссияларының байланыстары

Үндістанның скрипка патшасы Хореография академиясына келді

2022 жылдың 11 қарашасында Қазақ ұлттық хореография академиясына атақты скрипкашы және композитор доктор Субраманиам Лакшминараяна келді. Өз отанында ол үнді скрипка патшасы ретінде танымал.

Оның сапарының мақсаты – академияның қызметімен, академияда студенттерге арналған сахналық өнердің әртүрлі бағыттары бойынша жүргізілетін оқытумен танысу. Сондай-ақ, академияның қонағы ретінде үндістандық танымал орындаушы Кавита Кришнамурти келді.

Академия қонақтары классикалық, халықтық сахналық би сабақтарын тамашалады, кітапхананың жұмысымен танысты, сонымен қатар оларға оқу театры, тұрғын үй, спорттық және медициналық блоктар көрсетілді.

Сапар соңында доктор Субраманиам академиямен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Яндекс.Метрика