Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Оқушымын мен енді!»

1 қыркүйек барлық бірінші сынып оқушылары үшін жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіреді, мұнда мектеп жетекші рөл атқарады және әр баланың мектеп өмірінің қаншалықты сәтті болатындығы көбінесе оның мектеп ортасындағы жаңа жағдайларға бейімделу қабілетімен анықталады.

Академияның 1-сынып оқушыларын оқу қызметіне бейімдеу мақсатында 2021 жылғы 3 қыркүйек пен 8 қазан аралығында педагог-психолог Б.У. Байтукова «ОқушымыЗ  біз енді!»  атты бейімдеу тренингтерінің топтамасын өткізді.

Тренингтерде Арт-терапия кабинетінде сыныптарда қолайлы микроклиматты қалыптастыруға және оқу процесіне оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған ойын түріндегі жұмыс формалары қолданылды. 

Балалармен «Шындық немесе өтірік?» атты қызықты ойын-викторина, сондай-ақ мектеп ұжымында тиімді тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және мінез-құлық нормаларын қабылдауға бағытталған техникалар өткізілді.

Яндекс.Метрика