Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ортеке»: қазақ биі ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілмек

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын 3 түрі бар. Назарларыңызға қуыршақ-теке нұсқасы көрсетілген бейнероликті ұсынамыз.

 Орындаушы:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі (көркемдік жетекшісі, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ш. Қорғанбек) жеке орындаушы – Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ОКЗ директорының орынбасары, «Мәдениет қайраткері» Серік Нұрмолда. 

Яндекс.Метрика