Қабылдау комиссияларының байланыстары

Орынбордан келген отандасымызға қазақ биінен шеберліқ сабағы өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласына Отандастар қорының қолдауымен Ресей Федерациясының Орынбор облысынан жұмыс сапарымен келген этникалық қазақ бауырымыз Сармутдинова Галия  Қазақ ұлттық хореография академиясының қазақ биі мұғалімдері Садыкова Анвара, Шамшиев Алматтың «Орта және жоғары сыныптардың қазақ биі сабақтарын қарау және талдау» атты шеберлік сыныбына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Тамыры тереңге таралған қазақ биіне айрықша қызығушылық танытқан Орынбор мемлекеттік педагогика университетінің оқытушысы, қазақ би үйірмесінің жетекшісі Сармутдинова Галия қазақ биінен теориялық және практикалық тұрғыдан құнды әрі замануи білім алды.

Шеберлік сабақтың соңында қонаққа Академияның атынан қазақ биінің анықтамалығы және қазақ биі сабағын музыкалық сүйемелдеуге арналған хрестоматиясы сыйға табысталды.  

Яндекс.Метрика