Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің премьерасы

2-3 шілде күндері «Астана Балет» театрында Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Георгий Ковтунның Актоты Райымқұлованың музыкасына қойылған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің премьерасы өтеді.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосы – өмірде қосыла алмаған қос ғашық жас жігіт пен қыздың махаббаты туралы аңызға айналған оқиға. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқы керемет оқиғаны  ауыздан-ауызға жеткізіп келеді. Міне, бүгін лирикалық драма «Астана Балет» театрының сахнасында өмірге келеді. “Балеттің орталық сюжеттік желісі ретінде үш кейіпкердің: Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – Қодардың өзара қарым-қатынасы көрініс табады. Балеттің хореографиялық лексикасы дәл осыған негізделген. Жақсылық пен жамандық, махаббат пен өшпенділік, адалдық пен сатқындық тақырыптары әрқашан алаңдатады және назар аударады. Таңдау еркіндігі, махаббат пен өз өмірінің дербес құрылымы үшін күрес осы қойылымның негізі болып табылады. Спектакльдің әр кейіпкерінің өзіндік лейтмотиві мен пластикалық тілі бар. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың қайғылы оқиғасы – бұл қайғы-қасіреттің өшпес азабы мен мәңгілік махаббат әнұраны”, – делінген театр сайтында.

Академия тәрбиеленушілерінің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетіне қатысуы ерекше мақтаныш. Сахнаға кәсіби балет әртістерімен бірге бастауыш сынып және бастауыш кәсіптік мектеп оқушылары шығады. Осылайша, 1-сынып оқушылары Жылқайдаров Жан, Наурызбай Фатима және Елдосұлы Арлан кішкентай Қозы, Баян және Қодар рөлдерін сомдайды.

Сондай – ақ, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетіне 1 сынып оқушылары Нұрсейіт Нұржұма мен Құрманбек Айшабегім, 4 сынып оқушылары Нұрбеков Санжар, Дәрібаев Алдияр мен Әлімжан Малика, сондай-ақ 5-6 сынып оқушылары Ким Александра мен Қуаныш Әмина қатысады.

Яндекс.Метрика