Қабылдау комиссияларының байланыстары

Рысқұлов оқулары 2022

Конференцияға қатысуға өз зерттеулерінің тұжырымдамасымен, аралық немесе қорытынды нәтижелерімен бөліскісі келетін ғылыми әдістерге сүйенетін ғалымдар, докторанттар және практиктер шақырылады. Ііріктеу барысында әртүрлі салаларда шешім қабылдауға әсер ете алатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарға артықшылықтар беріледі. Біз барлық деңгейлерде және қызметтің барлық салаларында шешім қабылдауда деректер мен ғылыми тәсілді пайдаланудың маңыздылығына сенеміз. Мемлекеттік саясат, жеке сектор стратегиялары, оқу орындарының саясаты және қарапайым адамның күнделікті шешімдері фактілер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін жүйелі түрде зерттеуге негізделсе тиімдірек болады.

Конференцияның негізігі бағыттары:

  1. ТДМ аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму
  2. Креативті экономика және кәсіпкерлік
  3. Гендерлік экономика және мәдени зерттеулер
  4. Цифрландыру және деректерге негізделген басқару
  5. Білім және ғылым саласындағы зерттеулер
  6. Құқық және мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулер

Рысқұлов оқулары 2022

Яндекс.Метрика