Қабылдау комиссияларының байланыстары

Селезнев оқулары-VI

Мәдениет хеореографиялық педагогика және орындаушылық саласындағы педагогикалық және студенттік зерттеулердің өсуін жандандыру, ғылыми қызметті өзектендіру мақсатында Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі “Селезнев оқулары-VI” Республикалық педагогикалық және студенттік конференциясын өткізеді.

Педагогикалық оқулар-бұл кәсіби құзыреттілікті арттыру, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, жетекші хореографиялық өнер шеберлерінің шығармашылығымен және педагог-хореографтардың қызметімен танысу мақсатында кәсіби қарым-қатынас үшін диалог алаңы.

Баяндамалардың мазмұны балет өнері болып табылады. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша зерттеулер, әртүрлі дәуірлердегі композиторлардың балет шығармашылығы бойынша музыкатану жұмыстары, композиторлардың шығармаларын ғылыми-әдістемелік және орындаушылық талдау, психологиялық-педагогикалық зерттеулер, көркемдік-эстетикалық және тәрбиелік бағыттағы мәселелер болуы мүмкін.

Мерейтойлық күнтізбелерге ерекше назар аудару қажет: Рамазан Баповтың 75 жылдығы, Дәурен Әбировтың 100 жылдығы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдығы,  Қазыбек бидің 355 жылдығы,  Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Кенесары Қасымұлының 220 жылдығы, Мәншүк Мәметова мен Талғат Бегельдиновтың 100 жылдығы, Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы, сондай-ақ  Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің құрылғанына 30 жыл.

Инф.письмо Селезневские чтения 22-23г. қаз.

Яндекс.Метрика