Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ – 2023» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылдың 30-31 наурыз күндері Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ – 2023» атты халықаралық ғылыми конференциясы онлайн форматта өтеді.
Конференцияның басты бағыты – ағылшын және түрік тілдерін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін, жаңа инновациялық технологиялар және әдіс тәсілдердің қолданылуын, шет тілін оқыту мамандарын дайындауда кәсіби, коммуникативті және әлеуметтік құзыреттіліктерді дамытуда ғылыми көзқарастардың талқылануын, сонымен қатар шет тілін оқытудағы білім мен инновациялардың қарқынды дамуы үшін жүргізілген зерттеудерді ашып көрсетуді мақсат етеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Шетел тілін оқытудағы өзекті мәселелер
  • Ағылшын тілінің шет тілі ретінде оқытылуы
  • Түрік тілінің шет тілі ретінде оқытылуы

Конференция өткізу күні: 30-31 наурыз, 2023 жыл.
Баяндама түйінін өткізу күні: 5 наурыз, 2023 жыл
Қабылданған баяндамаларды хабарлау күні: 10 наурыз, 2023 жыл
Конференция бағдарламасын хабарлау күні: 25 наурыз, 2023 жыл
Баяндаманың толық мәтінінің тапсырылу күні: 15 сәуір, 2023 жыл

Конференцияның өткізілу формасы: онлайн, ZOOM платформасында
Meeting ID : 885 098 6494
Password : 665847

Конференция

Яндекс.Метрика