Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Шығыс раушаны” фестивалінің жеңімпаздары

Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары “Шығыс раушаны” атты балалар және жастар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауында “Хореография” номинациясы бойынша бірден үш жеңіске жетті.

Онлайн байқау қорытындысы бойынша Сұлтанбек Ғұмар “Apres moi” (К.Звереваның қойылымы) нөмірімен бас жүлдені жеңіп алды. Құрметті бірінші орынды 1 курс студенті Смағұлова Аққанат “Тұмарым” композициясымен (А.Шәмшиевтің қойылымы) алды. Айдарханқызы Іңкәр “Жетісу” хореографиясымен (А.Садықованың қойылымы) құрметті үшінші орынға ие болды.

Рухани бірлік, халықтар достығы, ұлтаралық келісім идеясын тарату және жас таланттарды анықтау мақсатында жыл сайын Ташкент қаласында “Шығыс раушаны”атты балалар және жастар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауы өтеді.

 

 


 

Яндекс.Метрика