Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері ГИТИС-ті таң қалдырды

2019 жылғы 23-25 сәуірде Ресей театр өнері институтында – ГИТИС (Мәскеу қаласы) XI Р.В. Захаров атындағы «МАРИЯ» Халықаралық жас хореографтар конкурсы өтті. Конкурста «Хореография» факультетінің 4 курс студенті Сайлауова Арайлым Алтынбекқызы 3-дәрежелі лауреат атанып, «Балет» журналының арнайы сыйлығына ие болды. Конкурстық бағдарламада біздің студенттер көрермен назарына «BADBADNOTGOOD»  канадалық топтың музыкасына «Уақыт ағыны» (орындаушылар колледж студенттері Сапиева Махаббат және  Айдарханқызы Інқәр) және Әлима Закировтың музыкасына «Қайғы» (орындаушылар колледж студенттері Айдарханқызы Інқәр, Сапиева Махаббат, сонымен қатар «Хореография» факультетінің студенттері Қасым Жанна, Фазылова Разалия, Сайлауова Арайлым) нөмірлерін ұсынды:

XI Р.В. Захаров атындағы «МАРИЯ» Халықаралық жас хореографтар конкурсы студенттерді ынталандыру және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби шеберлігін жетілдіру, жас балетмейстерлер мен хореография өнерін көпшілікке таныту мақсатында 11 жылдан бері өткізіліп келеді.  

Конкурстың құрылтайшысы – Ресей театр өнері институты – ГИТИС, Ресей театр өнері институты – ГИТИС-тің Балетмейстерлік факультеті. 

Студенттерді және ұстаз Жәнібек Үсенұлы Қайырды тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз.  Сіздер – біздің мақтанышымыз!

Яндекс.Метрика