Қабылдау комиссияларының байланыстары

Студенттер қатарына қабылдау – 2021

2021 жылдың 25 қарашасында Қазақ ұлттық хореография академиясында ЖОО-ның дәстүрлі, салтанатты іс-шараларының бірі – «Студенттер қатарына қабылдау-2021» өтті.

Бұл күні Академияның бірінші курс студенттері жақсы оқуға, Академияның негіздерін ұстануға, оның дәстүрлерін сақтауға және өзінің Алма-матерінің даңқын арттыруға салтанатты ант берді.

Дәстүр бойынша, жоғары курс студенттері бірінші курс студенттеріне студенттер қатарына қабылдау белгісі ретінде символикалық студенттік билетті табыстады.

Іс-шараның ресми бөлігі барысында тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директор А.Т. Алишева бірінші курс студенттерін студенттік қоғамдастыққа кіруімен құттықтады. Алила Турсумбаевна студенттерге оқуда табыс, мамандықты игеруде табандылық пен қажырлық және жарқын студенттік өмір тіледі.

Яндекс.Метрика