Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тұлғалық қобалжуды түзетуге арналған топтық сабақтар

2021 жылдың 2-9 қарашасы аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында педагог–психолог Ибрагим М.Б. кәсіптік білім беру мектеп-колледжі мен ЖОО студенттеріне тұлғалық қобалжуды түзету бойынша топтық сабақтар өткізді.

Сабақтың мақсаты: студенттердің әртүрлі мәселелерді шешудегі ішкі мүмкіндіктерін белсендіру арқылы стресстік жағдайды қоздыратын триггер ретіндегі тұлғалық қобалжуларды жеңу дағдыларын қалыптастыру.

 Сабақтар Арт-терапия әдістерін қолдану арқылы ойын форматында өтті. Сабақ барысында студенттер психологиялық қысымдарды алып тастауға және олардың өз сезімдерін анықтау қабілетін дамытуға бағытталған «Миссис Мамбл» және «Қоқыс жәшігі» сияқты ойын жаттығуларын, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті дамытып, қиын өмірлік жағдайлардан шығу қабілетін қалыптастыратын «Ежелгі Греция құдайлары» атты жаттығуды орындады.

Сабақтардың нәтижесі бойынша студенттер бәсеңдеу бойынша ұсыныстар мен ішкі алаңдаушылық пен стрессті жеңуге көмектесетін тиімді әдістері бар Жадынамаларды алды.

Яндекс.Метрика