Қабылдау комиссияларының байланыстары

ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ: ОРТАҚ БАСТАУЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Құрметті  әріптестер!

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен 2023 жылдың 30-31 мамыр аралығында Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ: ОРТАҚ БАСТАУЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» атты мәдениет және өнер қайраткерлерінің  халықаралық  конгресі  өтеді.

Конгреске қатысуға түркітілдес мемлекеттер мен республикалардың ғалымдары, мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлері, қоғам өкілдері шақырылады.

Осыған орай, Сізді және әріптестеріңізді осы шараға қатысуға шақырамыз. Іс-шара туралы толығырақ ақпарат ақпараттық хатта қоса берілген.

Өткізілетін уақыты мен орны: 2023 жылғы 30-31 мамыр, Алматы қаласы Панфилов 127, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

Яндекс.Метрика