Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда хореография бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің арасында “Хореография” мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттерінен құралған 5 топ қатысты.

Жеңімпаздар 28 ақпан күні екі кезеңнің нәтижесі бойынша анықталды.Жеңіске Қазақ ұлттық хореография академиясының “Academy Stars” тобы жетті! Ал Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “KAZNAI Ballet” тобы 2-орынға ие болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің топтары өзара 3-орынды бөлісті.

Конкурстық комиссияның мүшелері бірінші кезеңде қатысушылардың классикалық және тарихи-тұрмыстық би бойынша теориялық және практикалық білімдерін тексерді, ал екінші кезеңде қатысушылар өздерінің оқу орындары туралы видеороликтер ұсынды. Біздің Академия хореография бойынша республикалық пәндік олимпиаданы екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.

Яндекс.Метрика