Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тіл білімінің жаңа парадигмалары: теориялық және әдістемелік ізденістер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына  дейінгі білім беру факультеті «Тіл білімінің жаңа парадигмалары: теориялық және әдістемелік ізденістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2023 жылдың 10 ақпанында әл-Фараби кітапханасының 409-залында өтеді.

Конференцияның мақсаты:

Филолог ұстаздардың инновациялық, педагогикалық тәжірибелерін отандық, халықаралық жаңа мазмұнды білім беру ресурстары ретінде оқу үдерісінде жүзеге асыру бағыттарын қарастыру

Конференцияның міндеттері: Тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелерін шешуде инновациялық іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру, қазіргі тіл біліміндегі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың перспективалық бағыттарын анықтау.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын дәріптеу, оқу үдерісін, тәрбие жұмысын  тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру, кешенді тестілеу мен ҰБТ-ға дайындаудағы маңызды мәселелерді анықтау

Ақпараттық хат қазақша

Яндекс.Метрика