Қабылдау комиссияларының байланыстары

Торайғыров университетінің хабаршысы. Педагогикалық серия

Торайғыров университеті жоғары білікті кадрларды дайындау және ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Ондаған жылдар бойы университет қабырғасында табысты ғылыми жобалардың нәтижелері дайындалып, жарияланып, өзіндік ғылыми мектептері қалыптасып, жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Нәтижелі және табысты жұмыс тәжірибелік білімді тарату және алдыңғы қатарлы ғылыми тәжірибелерді енгізу үшін өзінің ғылыми журналдарын шығаруға алып келді. Сізді және сіздің ұжым мүшелерін Торайғыров университетінің ғылыми журналдарында ғылыми мақалаларды жариялауға шақырамыз. Журналдар тізімінде Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар бар:
«Торайғыров университетінің хабаршысы. Педагогикалық серия». Келесі бағыттарды қамтиды: білім берудің заманауи технологиялары, IT-технологиялар, оқытудың теориясы мен әдістемесі, инклюзивті білім беру, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдістегі идеология және тәрбие, білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқыту үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, педагогика тарихы, этнопедагогика және салыстырмалы педагогика. ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған тізімге кіреді. Толық ақпарат алу үшін көрсетілген сілтеме арқылы өтіңіз: https://vestnik-pedagogic.tou.edu.kz/

Яндекс.Метрика