Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тренинг «Эмоцияларымыз қандай болса, бізде сондаймыз!»

2023 жылдың 18 қаңтарында Академияның педагог-психологы Марал Ибрагим интернат тәрбиешілерінің арасында «Эмоцияларымыз қандай болса, бізде сондаймыз!» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаттары: эмоционалдық сауықтыру үшін жағдай жасау, тәрбиешінің интернат тәрбиеленушілерін қабылдау ерекшеліктерін зерттеу, бала-тәрбиеші қарым-қатынасын сауықтыруға ықпал ету.

Тренинг арт-терапия форматында өтті. Тәрбиешілер топтық ойындарды, интернат жағдайына бейімделген «Менің балаларым гүл бейнесінде» жаттығуын орындады. Іс-шара барысында қолданылған әдістер тәрбиешілерге олардың интернат тәрбиеленушілерін түпсаналы түрде қалай қабылдайтындарын анықтауға мүмкіндік берді. Бөлісу барысында тәрбиешілер психологтан интернат тәрбиеленушілерімен қарым-қатынасты жақсарту бойынша ұсынымдар алды.

Яндекс.Метрика