Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кипрдан жеңіспен оралды

2019 жылғы 28 маусым – 3 шілде аралығында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Искеле қаласында XXIV Халықаралық халық би фестивалі өтті. Аргентина, Чили, Солтүстік Македония, Түркия, Солтүстік Кипр, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен келген қатысушылардың қатарында біздің Академияның білім алушысы Аққанат Смағұлова  және ұлттық би ұстазы ретінде шақырылған Садықова Анвара Әріпқызы болды.

Фестиваль «Бейбітшілік. Достық. Сүйіспеншілік» ұранымен өтті. Іс-шараның негізгі миссиясы халықтарды біріктіру, би мәдениетімен танысу және халықаралық қатынастарды дамыту болды. 

Аққанат іс-шараға қатысқан бес күн ішінде Академия ұстазы Алмат Шердарұлы Шәмшиевтің Таң самалы», «Ақ кербез», «Ерке бала» қойылымдарынан және Шара Жиенқұлованың «Былқылдақ» пен «Айжан қыз» қойылымдарынан ұлттық репартуарды орындап, «XXIV Халықаралық халық би фестивалінің үздік бишісі» кубогын иеленді.   

Аққанат және ұстаздарымыз Шәмшиев Алмат Сердарұлы мен Садықова Анвара Әріпқызын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан биіктен көрініп, үлкен табыстарға жете беріңіздер!

Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Яндекс.Метрика