Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ғылым және XXI ғасыр жастары

Сіздерді «Ғылым және XXI ғасыр жастары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысына магистранттар, студенттер, колледж және орта мектеп оқушылары қатыса алады.
Мақсаты: жастардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту.
Міндеттері:
Жастарды ғылыми-практикалық қызметке баулу;
Жастардың ғылыми қызметін ынталандыру және қолдау.

Өткізілетін уақыты: 2023 жылдың 24-25 сәуірі, сағат 1000
Өткізілетін орны: Қызылорда ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімінің атриум залы.
Өткізілу форматы: онлайн және офлайн.

Конференция аясында төмендегі секциялар жұмыс жасайды:
Секция 1. Гуманитарлық ғылымдар;
Секция 2. Техникалық және математикалық ғылымдар;
Секция 3. Жаратылыстану ғылымдары және медицина;
Секция 4. Әлеуметтік және экономикалық ғылымдар.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция материалдары бойынша PDF форматында баяндамалардың электрондық жинағы жарыққа шығады.
Материалдардың жариялануы тегін.

студент конференция ақпараттық хат последняя версия

Яндекс.Метрика