Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар

«М.Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ Сіздерді «Ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» Дулатов оқулары-2022 атты ХIV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның қоса ұйымдастырушылары Халықаралық Тараз инновациялық институты, Урал мемлекеттік аграрлық университеті болып табылады.

«ДУЛАТОВ ОҚУЛАРЫ – 2022»

Конференция 2022 жылдың 25 қарашасында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында өтеді. Конференцияны өткізу форматы аралас: офлайн және онлайн.
Конференция жұмысына қатысуға қоғам және саяси қайраткерлер, Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шетел ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамы, аспиранттар, магистранттар мен докторанттар шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:
1-Секция – Энергетика және техника саласындағы ғылыми зерттеулер;
2-Секция – Ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар;
3-Секция – Қоғамдық және экономикалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер;
4-Секция – Ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа үрдістер.
Ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінімдер мен мақалалар 2022 жылдың 11 қарашасына дейін nauka.kineu.kz@mail.ru электрондық поштасына жіберілсін.
Жариялау құны 600 теңге, магистранттарға А4 форматында 1 бетке 300 теңге. Жақын және алыс шетел авторларының мақалалары тегін жарияланады.

Ақпаратты хат ҚИнЭУ ДО-2022

Яндекс.Метрика