Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ЗАМАНАУИ ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» семинар-тренингі

Заманауи тәрбие технологияларының әдістерімен таныстыру және тәжірибемен алмасу мақсатында 2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында “Заманауи тәрбие технологиялары” атты қалалық семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды ұйымдастырушылар:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «Білім беруді жаңғырту орталығы» және М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжі.

Семинар-тренинг жұмысына тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің педагог-психологы Б.У. Байтукова қатысты.

Семинар барысында «ТжКБ-де инклюзивті білім беру мен тәрбиелеудің ерекшеліктері», «Тәрбие жұмысындағы педагогикалық серіктестік», «Тәрбиенің адами-тұлғалық  технологиясын куратор жұмысында пайдалану» сияқты тақырыптар қарастырылды, сонымен қатар семинарға қатысушылар арасында пікір алмасу өтті.

Яндекс.Метрика