Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жаңа Қазақстан: даму перспективалары және қазіргі заманның сын-қатерлері

КЕАҚ «Нархоз университеті» Құқық және мемлекеттік басқару мектебі Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жаңа Қазақстан: даму перспективалары және қазіргі заманның сын-қатерлері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция гибридті форматта (онлайн/оффлайн) ұйымдастырылады. Конференция 2022 ж. 13-желтоқсанда сағат Астана уақыты бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55 мекенжайындағы КЕАҚ «Нархоз университеті» акт залында өтеді.

Онлайн форматта конференция Zoom платформасында өтеді. Конференцияға сілтеме және кіру коды тіркелген қатысушыларға жіберіледі.

Конференция жұмысының тәртібі:

2022 ж. 13-желтоқсан, уақыт Астана қаласы бойынша:
9:00-10:00 – қатысушыларды тіркеу, таңертеңгі кофе;
10:00-13:00 – пленарлық отырыс;
13:00-14:00 – түскі үзіліс;
14:00-17:00 – секциялық отырыстар;
17:00-17:30 – кешкі кофе;
17:30-18:00 – конференцияның жабылуы.

Ақпараттық хат 13.12

Яндекс.Метрика