Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Жапонияның қазіргі заманғы билері” тақырыбында онлайн дәріс

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 17:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен және Жапония Үкіметінің Мәдениет істері агенттігімен бірлесіп Жапония мен Қазақстандағы заманауи бидің қазіргі жағдайы тақырыбында ақпарат алмасу мақсатында онлайн дәрісін өткізеді.

«Жапонияның қазіргі заманғы билері» тақырыбында Жапон мәдениетінің елшісі, профессор КИТАМУРА Акико баяндайды.

«Қазақ ұлттық хореография академиясы және «Астана Балет» театр қызметіндегі заманауи хореографияның жағдайы» тақырыбына өнер магистрі, Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Әсел Абақаева шолу жасайды.

Онлайн іс-шараны өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының режиссура кафедрасының аға оқытушысы Анвара Садыкова “Қазақ биінің қалыптасуы мен даму жолдары” тақырыбындағы баяндамасымен аяқтайды.

Дәйекті орыс-жапон аудармасы беріледі.

Қызығушылық танытқандардың барлығын 2022 жылдың 5 наурызына дейін келесі сілтеме бойынша өтіп, тіркеу формасын толтыруды сұраймыз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdD8CY_WgI9h9MXpQqN6CWvYrtIAmPuEVkj12r9TSfxP2xmiQ/viewform

 

Яндекс.Метрика