Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жастар жалыны 2021

2021 жылы 11-18 қазан аралығында  Нұр-Сұлтан қаласының студент жастары арасында «Jastar Jalyny» шығармашылық байқауы өткізілді. Байқау 10 номинация бойынша бағаланды. Біздің академия студенттері де өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

 «Ұлттық би» номинациясы бойынша «Хореография өнерінің педагогикасы» мамандығының 2 курс студенті – Іңкәр Айдарханқызы 2 орынды иеленді.
«Медиа» номинациясы бойынша жүлделі 1 орынға «Балетмейстер өнері» мамандығының 3 курс студенті  – Ғұмар Сұлтанбек лайық деп танылды.
«Театр» номинациясы бойынша 1 орынды «Арт-менеджмент» мамандығының 1,2,3,4 курс студенттері – Атабаева Ғалия, Сембекова Айдана, Батхан Али, Сұлтанбай Арман, Дана Нұрланқызы және «Балетмейстер өнері» 3 курс студенті – Арман Серікбай, «Өнертану» мамандығының магистранты – Арман Бухарбаев сынды талапты жастарымыз иеленді.

Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Яндекс.Метрика