Қабылдау комиссияларының байланыстары

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ, МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Сіздерді Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жұмысына қатысуға шақырамыз.
«Жоғары оқу орындары мен колледж, мектептерде дене тәрбиесі құралдары арқылы жастардың рухани интеллектуалдық деңгейін қалыптастыру жолдары» атты конференция 2022 жылы 30 наурызда өтеді.
Конференцияға қатысу үшін ЖОО оқытушылары, колледж және мектеп мұғалімдері, студенттер , магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.
Қазіргі ХХІ ғасыр білім, ғылым, тәрбие саласына өз жаңалықтарын өмірге енгізуде. Нәтижеде салалық ғалымдар өз жаңалықтарын инновациялық бағытта жан-жақты қарастыруда. Өмірдің жаңа формациясында мұндай жаңалықтар мен өзгерістердің орын алмасып отыруы заңдылық.
Дене тәрбиесі мен спорт өнері де ғылыми бағытта қарқынды дамып келеді. Бірақ қазіргі ақпараттық жүйеде қолданылып жатқан инновациялық жаңалықтар ешуақытта бірінші және соңғы тұжырым, гипотеза болып саналмайды. Демек, сала ғылымы одан әрі жаңа сипатта жетіле беруге тиіс. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының авторлары арқылы дене тәрбиесі мен спорттық, салауаттылық, тәрбиелік, адами құндылықтарды қалыптастыруда ұстаздар ізденушілігінің жаңа қырын ашады деп сенеміз.

Конференция секциялары:
1. Білім беру мекемелерінде дене шынықтыру пәнін жаңартылған бағдарлама негізінде жүргізіп ұйымдастыру тәсілдері.
2. Бұқаралық спорттық-сауықтыру жұмыстарын жаңа инновациялық бағытта жүргізу.
3. Мұғалімдер мен оқытушылардың ғылыми-әдістемелік шеберліктерін жетілдіру жолдары.
Конференцияға қатысу түрі: келіп (оффлайн) немесе қашықтықтан (онлайн).
Жарияланым тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен және баспаға ұсынылған материалдар конференция жинағында электронды түрде жарияланады.

Ақпараттық хат Қорқыт Ата ат. ҚУ

Яндекс.Метрика