Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жыл сайынғы “Үздік ғылыми қызметкер”сыйлығын алу

Ғылым туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15 – бабына сәйкес ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) жыл сайынғы “Үздік ғылыми қызметкер” сыйлығын алуға 2021 жылғы конкурс жариялайды.

Осыған байланысты Министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық беретін болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (5 834 000 теңге) құрайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы universitycontest.iac.kz электрондық форматта конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады:

1) ғылыми дәрежесінің болуы;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген ғылыми атағының болуы;

3) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

4) ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізу және т. б.);

5) соңғы жылы университетте кем дегенде бір пәнді немесе бірнеше пәнді оқыту;

6) соңғы 3 жылда философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау;

7) өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

8) тиісті құқықтық құжаттармен (комиссиялар, жұмыс топтары, сараптама топтары, жобалау офистері) расталған ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.

Қосымша:

  1. Жыл сайынғы “Үздік ғылыми қызметкер “сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы”Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді)

(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025003

  1. 2021 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 560 бұйрығы. Состав комиссии
  2. 2021 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру мәселесі бойынша конкурстық материалдарды қарау және шешімдер дайындау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № 1 хаттамасы Протокол №1

 

Жауапты тұлға  – Жексембаева Айжан Шайхановна, телефон 8 (7172) 74-20-29

 

 

Яндекс.Метрика