Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өзіңнің ағылшын тілі деңгейін тексер

2022 жылғы 25-28 наурыз аралығында English Club шеңберінде Академия студенттері мен қызметкерлерінің ағылшын тілін білу деңгейін анықтау үшін онлайн тестілеу өткізіледі.

Тестілеуден өту үшін сілтеме: https://forms.gle/AcTGoQxEFqa7QNU3A

Тестілеу уақыты 20 минут.
Аудармашы немесе интернет ресурстарын пайдаланбауыңызды сұраймыз. Тестілеу нәтижелері сіздердің электрондық пошталарыңызға жіберіледі.

Ағылшын тілі деңгейлері: A1 Beginner-ден C2 Proficiency-ге дейін

  • Beginner (pre-A1) – бастапқы деңгей;
  • Elementary (A1) – негізгі деңгей;
  • Pre-Intermediate (A2) – төмен-орташа;
  • Intermediate (B1) – орташа;
  • Upper Intermediate (B2) – ортадан жоғары;
  • Advanced (C1) – жетілдірілген;
  • Proficiency (C2) – кәсіби меңгеру деңгейі.

Тіл үйренудің артықшылықтары:
1) Жеке және кәсіби ұтқырлық;
2) Халықаралық гранттарға, конкурстар мен жобаларға қатысу мүмкіндігі;
3) Ақпараттық қолжетімділікті арттыру

Сондай-ақ Академия қызметкерлеріне арналған ағылшын тілін оқыту курстары басталатынын (Elementary/Pre-Intermediate) хабарлаймыз. Сабақтар аптасына екі рет онлайн/офлайн режимде өтеді (айына 8 сабақ). Топтық сабақтар 13.05-13.55, 18.05-18.55 офлайн форматта, 20.05-20.55, 21.05-21.55 онлайн форматта өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөлімі және баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Байланыс деректері:
Төребекова Аяулым Қуанышқызы– 8 7172 790 869; 87019131056 (тек WhatsApp).

Яндекс.Метрика