Жас хореографтар конкурсы жас қоюшы-хореографтарды қолдауға және хореографиялық өнерді дамытуға бағытталған жоғары оқу орны ішіндегі шығармашылық бастама ретінде пайда болды. Алғашында оған Академия білім алушылары қатысып, авторлық қойылымдарын ұсынып, өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік алды.
Уақыт өте келе конкурс ауқымын едәуір кеңейтіп, республикалық мәртебеге ие болды. Оған В028 – «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша еліміздің жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарының өкілдері қатыса бастады. Біртіндеп конкурс дарынды жас хореографтарды анықтау мен қолдаудың, сондай-ақ Қазақстанның білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби және шығармашылық байланыстарды нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Конкурстың дамуының жаңа кезеңі 2023 жылы басталды. Сол жылы конкурс алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болып, көрнекті қазақстандық балетмейстер Болат Аюхановты еске алуға арналды. 2023 жылғы 28 наурызда конкурс Академия қабырғасында өтіп, оған қазақстандық жоғары оқу орындарымен қатар шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты. Халықаралық формат қатысушылар мен қазылар алқасының географиясын кеңейтіп, Қытай, Израиль, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан өкілдерін бір алаңда тоғыстырды.
2024 жылы конкурс көрнекті хореографиялық өнер қайраткері Заурбек Райбаевты еске алуға арналды. 2025 жылы конкурстың тақырыбы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналды. Сол жылдан бастап Халықаралық жас хореографтар конкурсы Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (ХГЫҚ) қолдауымен, Балет өнерін дамыту және қолдау қорының бастамасымен бірлесіп өткізіледі. Бұл қадам халықаралық мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жас таланттарды қолдауға зор серпін береді.
2026 жылы конкурс Халықаралық би күніне арналды, бұл хореографиялық өнердің әлемдік мәдени дәстүрдің маңызды бөлігі және кәсіби шығармашылық қарым-қатынастың негізі екенін айқындап көрсетті.
Бүгінде конкурс хореография саласындағы халықаралық оқиға мәртебесін нығайта беруде, жас қоюшы-хореографтарды, педагогтарды біріктіріп, дәстүрлерді сақтауға және заманауи хореографиялық өнерді дамытуға үлес қосуда.
2023
Болат Аюхановты еске алуға арналған Халықаралық жас хореографтар конкурсы
Байқау 2023 жылғы 28 наурызда Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Израиль және Әзірбайжан өкілдерінің қатысуымен онлайн және аралас форматта өтті.
Лауреаттар:
Арнай жүлделер:
2024
Заурбек Райбаевты еске алуға арналған Халықаралық жас хореографтар конкурсы
Байқау 2024 жылғы 5 сәуірде өтті және Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің жас хореографтарын біріктірді.
Лауреаттар:
2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы
Фестиваль-конкурс 2025 жылғы 7-10 сәуір аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан өкілдері қатысты.
Арнай жүлделер:
Қазақ ұлттық хореография академиясы ректорының жүлдесі - Третьякова Анастасия (Ресей);
2026
Халықаралық би күніне арналған Халықаралық жас хореографтар конкурсы
Байқау Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан келген жас хореографтарды біріктірді.
Лауреаттар:
Арнайы жүлделер: