Сайт бойынша іздеу
Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

Сізді әлемдегі ең жас хореография академиясының ресми сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Біздің ерекше МИССИЯМЫЗ – жоғары білікті балет әртістерін ғана емес, сонымен қатар мәдениеті, білімі және руханияты жоғары, Қазақстанды әлемдік сахнада лайықты көрсете алатын адамдарды тәрбиелеу. Біз мәдени бренд – отандық балет мектебін құру туралы айтып отырмыз, ол ең жақсы классикалық дәстүрлермен қатар ұлттық мәдениеттің бірегей және қайталанбас элементтерін біріктіреді.

Біз би өнеріне қатысы бар кез келген адамға ашықпыз! Біздің ресурс талапкерлер мен олардың ата-аналары, білім алғысы келетін студенттер мен магистранттар үшін, сондай-ақ Академиямыздың өмірінен хабардар болғысы келетіндер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынады.

Біздің күш-жігеріміздің арқасында сіз сұлулығы жүректі елжірететін осы ұлы өнерге жақындай түсесіз деп үміттенемін!

Ректор

Сұрақ қою
өмірбаяны
Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ/ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ:

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

БІЛІМІ:

1986 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы), мамандығы «Фортепиано», біліктілігі «оқытушы, концертмейстер»;
2007 ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аспирантурасы, мамандығы «Кәсіптік білім теориясы мен әдістемесі»

ҚЫЗМЕТІ:

1984-1989 жж. – Ә. Қашаубаев атындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің педагог-концертмейстері
1989-1998 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің музыкалық аспаптар кафедрасының фортепиано оқытушысы
1998-2000 жж. – Ә. Қашаубаев атындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің педагогы
2000-2009 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада өнері кафедрасының аға оқытушысы, театр өнері және эстрада факультеті деканының орынбасары, музыкалық өнер факультетінің деканы;
2009-2014 жж. – Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры;
09.2014 – 06.2018 жж. - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
06.2018-11.2022 жж. Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры, проректоры;
2022 жылғы 15 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры болып тағайындалды
2024 жылғы 18 қазаннан бастап - Дүниежүзілік би білімі Альянсы төрағасының орынбасары (Бейжің қ., ҚХР)

ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

63 ғылыми еңбек жарық көрді, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар 6 мақала, БҒСБК-ға кіретін журналдарда 21 мақала, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 22 мақала, 1 монография, ұжымдық монографияда 3 мақала, алыс және жақын шетел журналдарында 4 мақала, қазақстандық ғылыми журналдарда 7 мақала.

МАРАПАТТАРЫ:

2015 - «Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты;
2015 - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
2015 - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
2016 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
2024 - Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
2025 - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
2025 - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалі.

СҰРАУ архиві