Сайт бойынша іздеу
ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР – 2025

Профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі Жұмасейітова Гүльнара Тазабекқызы «гуманитарлық ғылымдар мен өнер» бағыты бойынша «Үздік ғылыми қызметкер-2025» сыйлығының иегері атанды.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарын, жоғары білім беру ұйымдарын және түрлі ұйымдардың ғылыми бағыттары бойынша 50 ғалым лауреат атанды.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ

Қазақ ұлттық хореография академиясының Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Саитова Гульнара Юсуповна «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020»атағының иегері атанды.

«500 ҒАЛЫМ» ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

2024 жылы Қазақ ұлттық хореография академиясының 5 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасының стипендиаттары атанып, әлемнің үздік ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінде біліктілікті арттыру мүмкіндігіне ие болды. Райхан Досжан – PhD, Балабек Сақтағанов – PhD, Айгүл Жұматаева – экономика ғылымдарының кандидаты «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламасы бойынша Флоренция бейнелеу өнері академиясында (Италия) ғылыми тағылымдамадан өтеді; Жанат Бабажанова – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ақдениз университетінде (Түркия) «Арт-менеджмент» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтеді; Альмира Құлмағанбетова – PhD, аға оқытушы «Әлеуметтік сала менеджменті» бағыты бойынша Америка Құрама Штаттарындағы Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Сақтағанов Балабек
Әлмира Құлмағанбетова
Жуматаева Айгуль
Досжан Райхан
Бабажанова Жанат