Сайт бойынша іздеу
Ғылыми кеңес

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады және Ғылыми кеңес туралы осы ережеде көзделген құзыреттер шегінде шешімдер қабылдау құқығына ие.

Ғылыми кеңестің отырыстарын оның төрағасы/төрағаның орынбасары айына кемінде 1 (бір) рет шақырады. Ерекше жағдайларда Ғылыми кеңестің жоспардан тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

Ғылыми кеңестің құзыреттері

  • Академияның білім беру, әлеуметтік-тәрбиелік, ғылыми-шығармашылық және шаруашылық қызметі мәселелері бойынша шешімдерді қарау және қабылдау;
  • орта мерзімдік жоспармен бірге Академияның даму бағдарламасын қарастыру және талқылау;
  • Академияның Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарларын бекіту;
  • оқу процесінің академиялық күнтізбелерін бекіту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттерді стипендиямен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы мемлекеттік стипендияларына және басқа да атаулы стипендияларға үміткер студенттер мен магистранттарды талқылау және бекіту;
  • Академия ректорының, директорларының, факультет декандарының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының Академияның оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, шығармашылық, тәрбиелік, қаржылық, шаруашылық, халықаралық қызметі туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;
  • Академияның ішкі регламенттеуші құжаттарын келісу және/немесе бекіту жолымен Академияның білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі мәселелерін нормативтік реттеу, оның ішінде білім алушылардың үлгерімін ағымдағы және аралық бақылау және қорытынды аттестаттау тәртібін, білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару және қайта қабылдау тәртібі мен негіздерін, Академия мен білім алушы арасындағы қатынастардың туындауын, тоқтатылуын және тоқтатылуын ресімдеу тәртібін бекіту;
  • профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесін алдын ала мақұлдау;
  • ғылыми атақтарды, құрметті атақтарды беру үшін Академия кандидатураларын қарастыру және ұсыну;
  • Академия қызметкерлерін немесе шығармашылық ұжымдарды мемлекеттік, үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну және қарастыру;
  • мәдениет пен өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білімнің, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жаңа білім беру бағдарламаларын ашуға бастамашылық ету, оқу мерзімдері мен формаларын айқындау;
  • диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың тақырыптарын және ғылыми жетекшілері-консультанттарын бекіту;
  • білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Академияның ішкі құжаттарына сәйкес оларға енгізілетін өзгерістерді талқылау және бекіту;
  • оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді қарастыру және басып шығаруға шешім қабылдау;
  • Ғылыми кеңес белгілеген тәртіппен Академияның факультеттері, кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелері басшыларының есептерін тыңдау арқылы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау;
  • білім алушылар практикаларының (ғылыми тағылымдамаларының) барлық түрлері бойынша қорытынды шығару және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар қабылдау жатады.
  • білім беру қызметі бөлігінде алқалы шешімді талап ететін Академияның ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

Ғылыми кеңестің төрағасы – Нусипжанова Бибигуль Нургалиевна, ректор

Ғалым хатшы – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, – Кожантаева Жаухар Кенесбаевна

Ғылыми аттаққа үміткерлердің құжаттары

Есентемирова А.М. анықтама - .pdf - 28.07.2025
Есентемирова А.М. анықтама - .docx - 28.07.2025
А.М. Есентемированың ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің тізімі - .pdf - 28.07.2025
А.М. Есентемированың ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің тізімі - .docx - 28.07.2025
А.М. Есентемированың қосымша № 2- Халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімі - .pdf - 28.07.2025
А.М. Есентемированың қосымша № 2- Халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімі - .docx - 28.07.2025