Сайт бойынша іздеу
Докторанттың диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 12 мамырда Академияда докторанттардың ғылыми семинары өтті. Семинар аясында 1 курс докторанты Исмағұлова Гауһар Сайлауқызы «Қазақтың дәстүрлі би мәдениетінің онтологиялық негіздері мен даму динамикасы» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу жұмысының алғашқы ғылыми нәтижелерімен бөлісті.

Ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Ізім Т.О.

Семинар барысында зерттеудің өзектілігі, қазақтың дәстүрлі би мәдениетінің тарихи-мәдени негіздері, оның даму ерекшеліктері мен заманауи ғылыми зерттеулердегі орны талқыланды. Сонымен қатар докторант зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдеріндегі ізденістер, пайдаланылатын әдіснамалық тәсілдер мен алдағы зерттеу бағыттары туралы баяндады.

Іс-шара белсенді ғылыми пікірталас форматында ұйымдастырылып, қатысушылар диссертациялық зерттеудің теориялық және әдіснамалық қырлары бойынша пікір алмасты. Семинар барысында докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.

Семинарға Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.