2025 жылғы 14 қазанда Астанада «Ауыл» партиясы мен Acapedia Kazakhstan Limited ұйымдастыруымен «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» Хакатонының аймақтық іріктеу кезеңдері өтеді. Финал KazAgro/KazFarm-2025 көрмесі аясында өтпек.
Хакатонға 8–11 сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері қатыса алады. Жобаның негізгі мақсаты — дарынды жастарды қолдау және тұрақты даму, ІТ және білім беру салаларында инновациялық шешімдерді әзірлеу.
Жеңімпаздарды менторлық қолдау, гранттар, білім беру жеңілдіктері, сертификаттар және өз идеяларын елордадағы финалда таныстыру мүмкіндігі күтеді.