2026 жылғы 04 ақпанда Қазақ ұлттық хореография академиясының конференц-залында «Арнайы хореография пәндерін қазақша жүргізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараны қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасы ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты — хореографиялық өнерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ хореография саласында қазақ тілінің ғылыми және әдістемелік қолданысын кеңейту.
Семинар жетекшісі — зертхана меңгерушісі, профессор Т.О. Ізім.
Баяндамашылар қатарында өнер және педагогика саласының мамандары болды: Балжан Тлеубаева — педагогика ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті;
Қарлығаш Айтқалиева — өнертану кандидаты, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің білім беру бағдарламасының жетекшісі;
Самал Бәкірова — PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Хореография және арт-менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы.
Семинар бағдарламасына баяндамалар, кәсіби пікірталастар, пікір алмасу және қорытындылау жұмыстары енгізілді.