Сайт бойынша іздеу
Евгений Брусиловскийдың 120 жылдық музыкалық мұрасы

2025 жылғы 25 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясының Оқу театрында Қазақстанның музыкалық мәдениет тарихындағы аса маңызды тұлғалардың бірі – Евгений Григорьевич Брусиловскийдің туғанына 120 жыл толуына арналған дәріс-концерт өтті.

Брусиловскийдің есімі кәсіби қазақ музыкалық өнерінің бастауында тұр. Оның шығармалары еліміздің мәдени кодының ажырамас бөлігіне айналды және олардың әуені тыңдаушылардың көптеген ұрпақтарына таныс және жақын.

Іс-шараны Балетмейстер өнері кафедрасы мен Өнертану және арт-менеджмент кафедрасы бірлесе ұйымдастырды.

Бағдарламада композитордың өмірі, шығармашылық жолы мен мұрасы туралы әңгіме, сондай-ақ Балетмейстер өнері кафедрасының концертмейстерлері орындаған оның ең танымал шығармалары ұсынылды. Дәріс-концерт аясында Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы музыкасымен қойылған Алмат Шамшиевтің авторлық қойылымындағы «Алтынай» биі ұсынылып, көрермендерге ұлы композитор талантының көпқырлылығын айқын танытты.

Сонымен қатар, Евгений Брусиловский балет музыкасының дамуына да елеулі үлес қосты. Оның ең танымал жұмыстарының бірі – қазақ балет өнеріндегі ерекше туынды «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» балеті. Барлығы төрт балет және басқа да көптеген туындылар жазған.