2025 жылғы 8 желтоқсан күні 1-4 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай – ұлы ақын» тақырыбында көркем оқудан шығармашылық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – балаларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, оның шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін мәнерлеп оқу және әндерін орындау. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, сахналық көріністер көрсетіп, әндер орындады, бұл арқылы балаларды халыққа, тілге және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Барлық қатысушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.