Сайт бойынша іздеу
2026 жылғы талапкерлер!

Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 11-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі.

МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):

  • 11-16 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
  • 17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 мамыр – 10 шілде.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (өз қалауыңыз бойынша) грант конкурсына қатыса аласыз немесе ақылы оқуға түсе аласыз.

Ағымдағы (2026) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.