19 сәуірде басталған Ресей театр өнері институты – ГИТИС-тегі шетелдік ғылыми тағылымдама аясында Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Дана Қуанышбекова хореография өнері саласындағы жетекші мамандармен ғылыми консультациялар өткізіп, сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік хореография академиясында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Осы кезеңде Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының кітапханасы мен архивтеріндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Диссертациялық зерттеу үшін ғылыми және практикалық маңызы бар архивтік бейнематериалдар, тарихи-тұрмыстық би бағдарламалары және әдістемелік материалдар жинақталды.
Сонымен қатар «Тарихи-тұрмыстық би» пәні бойынша Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының жетекші педагогтері — кафедра меңгерушісі, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Инга Воронина және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мария Северцевамен кәсіби кездесулер мен пікір алмасулар өтті.
Тағылымдаманың маңызды бөлігі Бурятия Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, өнертану кандидаты, ГИТИС курсының көркемдік жетекшісі Максим Валукинмен өткен ғылыми консультация болды.
Кездесу барысында диссертациялық зерттеудің құрылымы мен тұжырымдамасы, жұмыстың әдіснамасы мен ғылыми аппараты, ғылыми мақала мен конференциялық баяндаманың мазмұны, сондай-ақ хореографиялық білім беру және классикалық мұраны сақтау саласындағы зерттеуді одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Тарихи-тұрмыстық бидің көрнекті отандық мектебінің өкілдерімен кәсіби байланыс орнату мен тәжірибе алмасу ғылыми және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ хореографиялық білім беру саласындағы зерттеу қызметін дамытуға ықпал етеді.