Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясының балалар кітапханасында 3 «А» сынып білім алушылары арасында «Story Time» атты интерактивті оқу сабағы өтті.
Балаларға халық ауыз әдебиетінен алынған «Алтын асық» ертегісі оқылды. Іс-шара барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерінің суреттерін бояды.
Осындай іс-шаралар балалардың қиялын дамытып, кітапқа деген сүйіспеншігін арттыра түседі. (НЗМ кітапханаларының тәжірибесінен)