2025 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ және Қазақстан Республикасының Спорттық би федерациясының Ассоциациясы ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық хореография академиясының базасында Академияның 10 жылдық мерейтойына орай «Халықаралық диалогтық терезе» жобасы аясында Zoom форматында онлайн кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: «Баланың көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге қалай көмектесуге болады?»
Жобаның авторы – өнертану магистрі, Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақстан Республикасының Спорттық би федерациясының Ассоциациясының төрешісі Евгений Моисеев.
Спикер ретінде әлеуметтік психология магистрі, спорттық психолог Елена Рузина (Санкт-Петербург қаласы, Ресей) қатысты.
Онлайн-жоба «Халықаралық диалогтық терезе» – шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтары және балалардың мәдениет пен өнер саласында дамуына қызығушылық танытатын барлық адамдарға арналған ашық білім беру алаңы.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
Академия студенттері – болашақ спорттық бал билері педагогтары – тыңдаушылар ретінде психологиялық құралдардың тиімділігін өз тәжірибелерінде байқап көруге мүмкіндік беретін тапсырмаларды орындады.
Жоба алдағы уақытта да жалғасады, себебі тәжірибе, білім және әдістемелерді бөлісу Қазақстанда және шетелде сенімді, шығармашыл және табысты педагогтар мен әртістер буынын қалыптастыруға септігін тигізеді.