Сайт бойынша іздеу
Академияның мерейтойына орай брасс-квинтет концерті өтті

2026 жылғы 17 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Академияның 10 жылдығына арналған брасс-квинтет концерті өтті.

Іс-шара «Өнер саласындағы жобаларды басқару» пәні аясында «Өнертану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Ақылжан Іргебайдың ұйымдастыруымен өтті. Концерт классикалық, джаз және заманауи музыкалық шығармаларды біріктірді.

Концерт бағдарламасында әртүрлі дәуір мен жанрдағы танымал композиторлардың туындылары орындалды. Олардың қатарында Жан-Жозеф Муренің шығармасы «Рондо», Дюк Эллингтонның «In a Sentimental Mood» джаз композициясы, Жаяу Мұсаның халық әні «Ақ сиса», сондай-ақ Zack Smithтің «Tango for Jam Jam» туындысы және «Bee Gees How Deep Is Your Love» әйгілі әні бар. Сонымен қатар көрермендер Ирвинг Берлиннің «Puttin’ on the Ritz» және Джерри Херманның «Hello, Dolly!» шығармаларын тыңдады.

Концерт жүргізушісі Расул Нұртазин болды. Сахнада жас музыканттар өнер көрсетті: Ақылжан Іргебай (труба), Тимур Темірбеков (туба), Азат Әбілқасымов (труба), Мадияр Каримов (валторна) және Аян Сарбасов (тромбон).

Концерт музыкалық стильдердің алуан түрлілігін көрсетіп, көрермендерді көрнекті композиторлардың шығармашылығымен таныстырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара академиялық және заманауи музыканы насихаттауға, сондай-ақ өнер саласындағы білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға бағытталған.