Сайт бойынша іздеу
«Негізгі құзыреттерді дамыту: кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар

2025 жылдың 29 қазанында «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жалпы білім беру пәндері бойынша пәндік-циклдық комиссияның оқытушылары «Негізгі құзыреттерді дамыту: кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға қатысушылар өз сабақтарында цифрлық технологияларды, білім беру платформаларын және ЖИ-ті қолдану тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында Класс КZ, Chat GPT, Grok, Class Dojo, Shyrag AI, Canva, Bilim. Kz, imektep.kz, Gamma App, QR code.io, AR Studio, ar loopa, Baamboozle, Learning Apps және басқа да ресурстардың сабақты жоспарлау және өткізу барысында қолдану мүмкіндіктері таныстырылды. Оқытушылар платформалардың мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, оларды балалармен бірге қолдану тәжірибесін көрсетіп, цифрлық технологиялармен жұмыс істеу барысында оқушылардың оқу үдерісіне деген қызығушылықтарының артқанын атап өтті. Практикалық семинар оқытушылардың да, оқушылардың да цифрлық сауаттылығындағы негізгі құзыреттерді дамыту үшін өте маңызды.