2026 жылғы 12 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультеті деканының орынбасары Евгений Моисеев Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының (ММИК) шақыруымен Ресей Федерациясында өткен спорттық-бал биі бойынша II Халықаралық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.
Евгений Моисеев онлайн форматта «Қазақстан жоғары оқу орындарында спорттық-бал биі саласы бойынша болашақ мамандарды даярлаудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақ ұлттық хореография академиясының осы бағыттағы мамандарды даярлау тәжірибесін таныстырып, спорттық-балдық би саласындағы білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту перспективалары туралы баяндады.
Конференция әртүрлі елдердің жетекші мамандарын, педагогтерін және кәсіби қоғамдастық өкілдерін біріктірді. Пленарлық отырысқа Қазақстан, Словения, Дания, Қырғызстан және Ресей елдерінің танымал би спорты шеберлері де қатысты.
Қазақ ұлттық хореография академиясы өкілінің халықаралық конференцияға қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, спорттық-бал биін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және хореографиялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мүмкіндік болды.