Сайт бойынша іздеу
Жүректен орын алған музыка: Әблахат Еспаевты еске алу кеші

Қазақ ұлттық хореография академиясының креативті арт-зертханасында қазақ және кеңес композиторы Аблахат Есбаевтың 100 жылдығына арналған «Аблахат Есбаевтың табысқа жету жолы мен жетістіктері» атты еске алу кеші өтті.

2025 жылдың қараша айында композитордың туғанына 100 жыл толар еді. Өнер факультетінің 1-курс студенттері Әблахат Еспаевтың шығармашылығын еске алу кешін жылы, шынайы атмосферада өткізді. Олар көпшілікке сүйікті әндердің авторы туралы өмірбаяндық мәліметтерді айтып берді. Кейбір туындылар студенттердің домбыра сүйемелдеуімен орындалды.

«Желсіз түнде жарық ай», «Ұстазым менің, ұстазым»… Композитордың ең танымал шығармалары жайлы жеке тоқталып өтілді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Академия студенттері мен қызметкерлері арасында Әблахат Еспаевтың өмірі мен шығармашылығын қаншалықты білетіндері жөнінде шағын сауалнама жүргізіп, бейнематериал дайындады.

Бүгін композитордың құрметіне қол соғып көрсетілген қошемет – оның музыкасының 100 жылдан кейін де жүректерде өмір сүретінін көрсететін ең айқын дәлел.