Қазақ ұлттық хореография академиясында ZOOM платформасы арқылы Академия қызметкерлеріне антитеррористік қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн-сабақ өткізілді.
Онлайн-сабақ барысында персоналмен антитеррористік қорғанысты қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру міндеттері туралы дәріс оқылды және оқыту нәтижесі бойынша тиісті сертификаттар беру қарастырылды.
Оқу бағдарламасына онлайн-дәріске қатыспаған құрылымдық бөлімшелермен үлестірмелі материалдарды өз бетімен оқу да кірді.
Дәріс барысында бұл оқытуды өткізу қажеттілігін негіздейтін заңнама деректері ұсынылды. Сонымен қатар, терроризм тақырыбына арналған оқу материалдары көрсетілді.
Аталған сабақ азаматтардың төтенше жағдайлардағы әрекет етуге дайындығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, оларға қажетті білім мен дағдыларды береді.