Домбыра – Ұлы даланың үні, халқымыздың шежіресі және ұлттық бірліктің символы. Оның әуезді үнінде ата-бабаларымыздың даналығы, қазақ мәдениетінің көркемдігі мен сарқылмас шабыттың қайнар көзі тоғысқан.
Ұлттық домбыра күні халқымыздың бай рухани мұрасын құрметтеп, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді одан әрі тереңдете түсетін тағылымды мереке болсын.
Баршаңызға бейбітшілік, амандық, шығармашылық шабыт және әр шаңыраққа татулық пен келісім тілейміз!