Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстандағы Еңбек мамандықтары жылына арналған концерт өтті.
«Адал еңбек – адал азамат» атты бұл концертте Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Мектеп-колледждің білім алушылары «Серілер салтанаты» биін орындады.
Салтанатты іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнулқабден, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – өз салаларының дамуына елеулі үлес қосқан, үлгілі еңбекқорлық пен өз ісіне адалдық танытқан жұмысшы мамандық иелерін марапаттау болды.
Осындай іс-шаралар арқылы еңбек адамының қоғамдағы маңыздылығын атап көрсетуге, түрлі сала мамандарына құрмет білдіруге және өскелең ұрпаққа адал еңбектің қадір-қасиетін ұғындыруға мүмкіндік туады.