Сайт бойынша іздеу
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 2021 жылдың 1 маусымда басталады

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 2021 жылдың 1 маусымда басталады

  1. Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі.
  2. Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

Магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі

  1. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.
  2. Назарыңызды аударыңыз, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.

@edu_news_qz